Террор ұйымы PKK-ның 28 нысанасы жойылды

Ел көлеміндегі операцияларда болса 18 террорист залалсыздандырылды.

1009994
Террор ұйымы PKK-ның 28 нысанасы жойылды

Түрік қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіне ұйымдастырған әуе операциясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі 28 нысана жойылды.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кеше Ирактың солтүстігіндегі Метина, Зап, Авашин-Басиян, Хакурк, Гара және Кандил аймақтарына әуе операциясы басталды.

Операцияда баспана, үңгір және қойма ретінде қолданылған нысаналар табысты түрде жойылды.

Террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасатыны білдірілді.

Полиция мен жандармерияның ел көлеміндегі ортақ операциясында Османийеде 11, Диярбакырда 3, Шырнакта 4, барлығы 18 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар