Террормен күрес операциясында 8 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігі мен Ван және Шырнак ауылдық аймағына жасалған әуе операциясында 8 террорист залалсыздандырылды.

1003298
Террормен күрес операциясында 8 террорист залалсыздандырылды

Түрік қарулы күштері ел көлемінде және шекарадан тыс террор нысаналарын жоюды жалғастырады.

Ирактың солтүстігі мен Ван және Шырнак ауылдық аймағына жасалған әуе операциясында 8 террорист залалсыздандырылды.

Бас Штаб Басқармасының твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағы мен Ванның Чатак және Шырнактың Бейтүшшебап ауылдық аймағында кеше басталған әуе операциясы жалғасуда.

Мәлімдемеде әуе операциясында 8 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар