Режеп Тайып Ердоғанның сайлау жеңісі Еуропа баспасөзінде

Президенттік және депутаттық сайлау қорытындылары Еуропада жаңғырық туғызды.

999362
Режеп Тайып Ердоғанның сайлау жеңісі Еуропа баспасөзінде

BBC президент Режеп Тайып Ердоғанның қорытынды жайлы мәлімдемесінің артынан хабарды басты тақырып болып таратты. Және «Ердоған бейресми қорытындыға қарағанда жеңісін жариялады» деді.

Сайлауды Анадолы Агенттігі (AA) және TRT World телеарналарының жаңалықтары негізінде қадағалаған The Guardian газеті болса бейресми қорытындының жариялануының артынан «Ердоған жеңісін жариялады, дегенмен оппозиция әлі мойындамады» тақырыбын қолданды.

Sky News телеарнасының интернет парақшасы да «жеңіске жетті» деген сөзді арнайы тырнақшаға алып, «Ердоған Түркиядағы президенттік сайлауда жеңіске жетті» деген тақырып қолданды.

Австрияда радикал оңшылдардың Kronen газеті хабарды «Ердоған 53 пайыз дауыс жинап қайтадан жеңіске жетті» деген тақырыппен оқырмандарына жеткізді.

Der Standard газеті мен Либерал оңшылдардың Kurier газеті болса сайлау қорытындысын «Ердоған құттықтауларды қабылдай бастады» тақырыбымен таратты.

Германияның Bild газеті сайлау туралы «Ердоған бірінші. Парламентте көпшілік дауыста кемшіліктері бар. Оппозиция манипуляция жасалғанын алға тартады» деп берді.

Франция баспасөзінің алдыңғы қатарлы газеті Le Monde сайлауды «Түркияда сайлаулар: Ердоған жартылай қорытындыға қарағанда алда. Оппозиционерлер наразылық көрсетуде» деген сөздермен берді.

Швеция Мемлекеттік арнасы «SVT» алғашқы жаңалықты «Ердоған жеңіс жолында» деп жариялады. Aftonbladet болса Ердоғанның 55 пайыз, қарсыласы Мухаррем Индженің 28 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеді.

Венгриядағы «Hir TV» сайлау жаңалығын «Ердоған билікте» деп жарияласа, Венгр хабар агенттігі «Ердоған президенттік сайлауда жеңісін жариялады» деп сайлауды жариялады.

Испанияның; «Еl Pais», «El Mundo»,  Грекияның; «Proto Thema», «Eleftheros Typos», «Kathimerini» газеттері, Болгарияның Ұлттық телеарнасы (BNT), Болгария Ұлттық радиосы және жекеменшік «BTV» арнасы, Голландияның; «Algemeen Dagblad» газеті, Босния-Герцеговинаның «Oslobodjenje» «Дневни Аваз», Сербия ресми хабар агенттігі «TANJUG» Хорватияда «Дневник» Черногорияда; ресми хабар парақшасы «RTCG» Түркиядағы сайлауды жіті қадағалап, президенттік сайлауда президент Ердоғанның жеңісін басты тақырып қылды.

Бельгияда «Le Soir», «De Standaard» газеттері де Ердоғанның жеңіске жеткенін дегенмен сайлауда манипуляциялар алға тартылғанын жазған.

Данияда солшыл көзқарастағы «Politiken» мен «Jyllands Posten» газеттері де сайлау хабары мен Ердоғанның жеңісін басты тақырыппен оқырмандарына жариялады.



Ұқсас жаңалықтар