Мевлүт Чавушоғлу Анталияда іскерлермен бас қосты

Сыртқы істер министрі 4 шілде күнінен бастап PKK/PYD-YPG террор ұйымының Сирияның Манбидж аймағынан шығатынын білдірді

996746
Мевлүт Чавушоғлу Анталияда іскерлермен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-дің 4 шілде күнінен бастап, Сирияның Манбидж аймағынан шығатынын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Анталияда іскерлер және қоғам басшыларымен азанғы аста бас қосты.

Осында сөз алған Чавушоғлу АҚШ-пен келісім жасалған Манбидж жоспарымен байланысты мәлімдеді.

Жол картасының жалғасқанын атап көрсеткен Чавушоғлу бір айлық алдын ала дайындық жұмыстарының артынан шығару жоспарының іске асырылатынын білдірді.

Чавушоғлу «Алғашқы жоспар бойынша 4 шілде алдында яғни 4 маусым - 4 шілде аралығында дайындық жұмыстарын аяқтау керек еді, енді 4 шілдеден бастап шыға бастайды, күнтізбе осылай» деді.

АҚШ-пен жасалған келісімді дипломатиялық жеңіс деп бағалаған Чавушоғлу «майданда алдымен қадам басып, кейін бұл қадамымызды үстелде соңына дейін қолдаймыз» деді.

АҚШ-тың F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға тапсырумен байланысты бір уайымдары болмағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Түркия бейшара және альтернативасыз емес» деді.

Чавушоғлу АҚШ-тың да Түркия сияқты бір одақтастан айырылғысы келмейтінін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар