Чавушоғлу АҚШ-тың террор ұйымдарымен байланысын сынға алды

Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Сирияда террор ұйымдарымен жұмыстануының қорқынышты екенін мәлімдеді.

982927
Чавушоғлу АҚШ-тың террор ұйымдарымен байланысын сынға алды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Сирияда террор ұйымдарымен ортақ жұмыстануының қорқынышты екенін мәлімдеді.

Чавушоғлу Анталияда журналисттерге жасаған мәлімдемесінде 4 маусым күні АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір жиналысқа қатысатынын еске салды.

Артынан 15 маусым күні Қытайда тарихи Жібек жолының қайтадан жандандырылуы мақсатты ұйымдастырылған бір жиналысқа қатысатынын атап көрсеткен Чавушоғлу бұл екі сапардың артынан сайлау жұмыстарымен шұғылданатынын білдірді.

Министр Чавушоғлу «АҚШ пен террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-ні шекараларымыздың арғы жағынан шығару үшін біраз уақыттан бері жұмыстанамыз. Негізінде бұл мәселенің себебі де біз емес, одақтасымыз АҚШ. Бір террор ұйымына қолдау берді. Сол террор ұйымымен Сирияда жұмыстануды таңдады. Қорқынышты бір қате болатын. Қазір бұл қателіктен АҚШ-ты қайтаруға тырысамыз. Өйткені террормен күрескенін айтқан бір елдің осылай бір террор ұйымымен ынтымақтастық жасауы өзімен де қарама-қайшылық. Біз сияқты бір одақтасты және маңызды бір елден айырылу рискі АҚШ үшін де барлық одақтастар үшін де бір қателік болар. Өйткені Түркия уәделерін орындайтын, ешкімді қинамайтын, мәселелердің шешімі үшін талпынған, НАТО құрамында ең мықты екінші армиясы болған және бүкіл мекемелерде белсенді рөл ойнатын, Аймақтың тұрақтылығы, бейбітшілігі үшін жұмыстанған бір ортақ. Мұндай бір ортақтан айырылуды ешкім қаламас. Айырылатындар өзіне зиян келтірер» деді.



Ұқсас жаңалықтар