Шетелдегі түрік азаматтар 7 маусым күні дауыс бере бастайды
Кеден қақпаларында болса 7 маусым мен 24 маусым арасында дауыс беруге болады.
24 маусым күні болатын президенттік және депутаттық сайлау үшін шетелдегі түрік азаматтар 7 маусым күні дауыс қолдана бастайды.
Шетелдегі сайлаушылар тізбесіне тіркелген азаматтар 60 ел және 123 өкілдікте 19 маусым күніне дейін дауыс қолдана алады.
Кеден қақпаларында болса 7 маусым мен 24 маусым арасында дауыс қолдануға болады.
Шетелдерде дауыс беру тізбесі төмендегідей:
Германия, Австрия және Франция – 7-19 маусым
Америка Құрама Штаттары, Австралия, Люксембург – 9-17 маусым
Дания – 9-19 маусым
Норвегия – 14-19 маусым
Италия, Түрікменстан – 15-17 маусым
Бельгия, Голландия, Швейцария – 15-19 маусым
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Канада, Болгария – 16-18 маусым
Ұлыбритания – 16-19 маусым
Қытай, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Грекия, Ливан, Израиль, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Босния және Герцоговина, Алжир, Финляндия, Швеция, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Судан – 16-17 маусым
Әзірбайжан, Албания, Ирак, Иран, Ирландия, Испания, Мысыр, Мальта, Өзбекстан, Сербия, Чехия, Венгрия, Польша, Оңтүстік Африка, Грузия, Жапония, Косово, Кувейт, Молдова, Сингапур, Тайланд – 17 маусым
Азаматтардың дауыстары шетелдерден ұшақ немесе дипломатиялық курьелер арқылы Түркияға жеткізіледі.
24 маусым күні де Түркияда дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыстар саналады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.