Президент Ердоған Босния және Герцоговинаға барады

Ердоған осында Еуропалық түріктердің құрылтайына қатысады.

973297
Президент Ердоған Босния және Герцоговинаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 20 мамыр жексенбі күні Босния және Герцоговинаға барады.

Осы сапар аясында Ердоған да қатысатын Еуропалық Түрік демократтар одағының 6-шы кезекті құрылтайына үлкен ықылас танытылды.

Осы құрылтайға орай Сараевода көптеген қонақүйлер толды,  мыңдаған адамның қалаға келетін болуы ел экономикасына да «допинг» ықпалын көрсетеді.

Президент Ердоған жексенбі күні Босния және Герцоговинаға бір күндік жұмыс сапармен барады.  Аталмыш құрылтайда сөз сөйлейді. Осы құрылтайға қатысу үшін Германия және Австрия секілді көптеген Еуропа елінен 15 мыңға жуық адам Босния және Герцоговинаға барады.

Сараеводағы көптеген қонақүйлері толды. Келген қонақтар туристік мақсатты төңіректегі қалаларды да аралайды деп ойласақ,  бұл Боснияның Еуропадағы танымалдығына да үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар