Президент Ердоған Ұлыбританияға аттанды

Президент Ұлыбритания сапары алдында Стамбұл Ататүрік әуежайында мәлімдеме жасады.

969631
Президент Ердоған Ұлыбританияға аттанды

Сапарының ішкі мазмұнына назар аударған Ердоған «Премьер-министр Тереза Мэйді өткен жылы қабылдағанмын. Табысты бір кездесу болып еді. Осы жолы аймақтық және халықаралық мәселелерді қолға аламыз. Террормен күрес тақырыбы екі ел үшін де маңызды. Екі кепілдік беруші ел ретінде Кипрдағы жаңалықтарды да бағалаймыз» деді.

Түркия ретінде Ұлыбританиямен ынтымақтастық жетілдіруге арнайы көңіл бөлгендерін атап көрсеткен Ердоған «Тәтті тіл форумы» да осыған үлкен үлес қосады. Түркия және Ұлыбритания ретінде экономикалық ынтымақтастығымыздың Brexit-тен (Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы) кейінде үздіксіз жалғасуын талап етеміз» деді.

Мәлімдемелерінде Түркияның террормен күрес тақырыбына тоқталған Ердоған "Бізге тиіскенге, біз де тиісеміз. Ал тиіспейтіндермен шаруамыз жоқ. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG мен күресіміз жалғасуда. Сирияда Африн мен Джераблус мұның ең жақсы үлгісі" деді. 

Президент Ердоған АҚШ-тың ДАИШ-пен күрес сылтаумен Сирияның Манбидж аймағына бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның тармағы PYD-YPG мүшесі террористерді орналастыруымен Түркия мен АҚШ арасындағы мәселеге бағытталған келіссөз кезеңін бағалады.

Ердоған ДАИШ жеңілген соң PKK/PYD-YPG ұйымына мүше террористердің аймақты босатуы жайлы АҚШ-тың уәде бергенін еске салып, «Телль-Рыфат және Манбидж мәселесі тақырыбында бізге берілген уәделердің орындалуын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар