Түркия Зейд Рад әл-Хусейіннің сөзіне наразылық көрсетті

Хами Аксой Жоғарғы комиссар Хусейіннің Түркиямен байланысты мәлімдемесіне жауап берді.

967868
Түркия Зейд Рад әл-Хусейіннің сөзіне наразылық көрсетті

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейіннің Түркиядағы сайлау шешімін сынға тартқанына наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Жоғарғы комиссар Хусейіннің Түркиямен байланысты мәлімдемесіне жауап берді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Түркия жөнінде сыңар жақты бір мәлімдеме жасағанын баяндаған Акчсой «Бұл мәлімдеме ұлтымызға өкілдік еткен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жасаған сайлау шешімін тергеуде және тәуелсіз бір елдің әкімшілігінің ішкі істеріне килігу. Түбегейлі түрде саяси мақсатты, біз бұны қабылдамаймыз» деген сөздер қолданды.

Аксой Түркияда Төтенше жағдай режимінің тек террористтерге және террор жақтаушыларға қарсы атқарғандарына назар аударып, «Азаматтарымыздың құқық және еркіндіктеріне ешбір шектеме жасалған жоқ. Төтенше жағдай режимінің атқарылуы демократиялық шешімдердің өткізілуіне де кедергі емес. Мысалы Францияда да Төтенше жағдай режимі кезеңінде сайлаудың өткізілгенін Жоғарғы комиссардың білуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар