Муғлада 111 заңсыз мигрант ұсталды

Муғланың Фетхийе ауданында заңсыз жолмен грек аралдарына өтуге әрекет жасаған 111 шетелдік ұсталды.

953291
Муғлада 111 заңсыз мигрант ұсталды

Жандармерия топтары Каякөй аумағы Гемилер Койу маңындағы орман алаңында бір топ босқын бар екенін анықтады.

Қауіпсіздік күштері теңіз жағалауындағы шырша ағаштарының арасында Сирия, Пәкістан және Ауғанстан азаматы 111 адамды ұстады.

Кіші автобустармен Өлүдениз  Жандармерия қолбасшылығына апарылған босқындар тергеу жұмыстарының артынан Муғла қалалық миграция басқармасы дирекциясына жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар