Хакан Фидан Палестинаның танылуы туралы мәлімдеме жасады

Хакан Фидан Палестина мемлекетін тану үшін көп елдің күш-жігерін арттыру керек екенін айтты.

2144403
Хакан Фидан Палестинаның танылуы туралы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестинаны тануды кейінге қалдырудың мәселені шешпейтінін, Израильдің көбірек уақыт ұтуына мүмкіндік беретінін айтты.

Хакан Фидан Палестина кездесулері аясында Бельгияның астанасы Брюссельде өткен «Халықаралық серіктестер жиналысы» және «Палестинаны тануы мәселесі бойынша екі мемлекетті шешімнің жүзеге асырылуы» жиналысында хабарламаларын жеткізді.

Израильдің Беньямин Нетаньяху үкіметі тұсында палестиналықтарды жою және жою жоспарларын қандай шығын болса да аяқтауға бел байлағанын түсіндірген Фидан бұл қатыгез жою жоспарының Газадан Батыс Шерия мен  Шығыс Иерусалимге қарай ілгерілеп жатқанын мәлімдеді.

Фидан мұның барлығын жеңу үшін Палестинаның толыққанды мемлекет ретінде әрекет етуіне рұқсат беру керектігін жеткізіп, Палестинаның өз жүйесін басқаратын өз мекемелерінің болуы керектігіне назар аударды.

Хакан Фидан сонымен қатар Палестина мемлекетін тану үшін көп елдің күш-жігерін арттыру керек екенін және мұны кейінге қалдырудың мәселені шешпейтінін және Израильдің көбірек уақыт ұтынуына мүмкіндік беретінін  атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар