Түрік қызыл жарты ай қоғамы Афринде ыстық тамақ таратады

Террористен тазаланған ауданда гуманитарлық жәрдем жұмыстары жалғасуда.

936969
Түрік қызыл жарты ай қоғамы Афринде ыстық тамақ таратады

Түрік қарулы күштері тарапынан өз шекаралары мен аймақта қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету, Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG мен ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын террор ұйымдарының қысым мен зұлматынан құтқару үшін 20 қаңтар сенбі күні сағат 17.00-де басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.

Түркияның халықаралық заңдардан туындаған құқығы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің террормен күрес тақырыпты шешімдері мен БҰҰ келісімінің 51-ші бабында орын алған заңды қорғаныс құқығы аясында жалғасқан операцияда Сирияның шекара тұтастығы құрметтеледі.

Операция аясында содырлардан тазаланған Афринге Бас штаб басқармасы мен Баспасөз және информация бас дирекциясы тарапынан ұйымдастырылған баспасөз турына 60-қа жақын журналист қатысты.

Жәрдем мекемелері тарапынан азық-түлік таратылған ауданда Түрік қарулы күштерінің күзету қызметі жалғасуда.

Аудан орталығында оралулар артып отырғанда жәрдем жұмыстары аясында Түрік қызыл жарты ай қоғамы 5 адамға жылы тағам таратты.

Қабылданған қауіпсіздік шараларының артынан Түрік қызыл жарты ай қоғамының жылжымалы асханасы аудан орталығына құрылды.

Жылы тағам ішкен халық лауазымдыларға ризашылығын білдірді.

Түрік жарты қызыл ай қоғамы төрағасы Керем Кынык журналисттерге жасаған мәлімдемеде гуманитарлық жұмыстардың шоғырланғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар