Ердоған: Залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 740

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Орду қалалық құрылтайында үн қатты.

936879
Ердоған: Залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 740

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 3 мың 740 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Орду қалалық құрылтайында үн қатты.

Ердоған «Бұл ұлт мықты бір ұлт. Бұл ұлт жай бір ұлт емес. Бұл ұлт бәрінен бұрын тарихтан келе жатқан күші мен имандылығының арқасында алдымен Евфрат қалқаны операциясын, артынан Африн операциясын ешкімді елемей жүзеге асырып дастан жазды» деді.

Ердоған «Афринде залалсыздандырылған террорист саны 3 мың 740-ға жетті. Бірақ бастан айттық. ‘Үңгірлеріне кіреміз’ дедік. Джуди, Габар және Тендүрек таулары мен Бестлердересіне кірдік. ‘Олар қашқан сайын біз ізіне түсеміз’ дедік. Ақыры олар қашты, біз іздеріне түстік. Қашқандары соншалықты Сирияға дейін қашты. Оларды сол жерде де таптық» деді.



Ұқсас жаңалықтар