Түркия Ирак түрікмендерін нысанаға алған террор шабуылын айыптады

ДАИШ террор ұйымы Наурыз мерекесмін тойлауға бара жатқан ирактық түрікмендердің керуеніне шабуылдады.

935396
Түркия Ирак түрікмендерін нысанаға алған террор шабуылын айыптады

Түркия наурыз мерекесін тойлау мақсатты Ирактың бас қаласы Бағдаттан Эрбиль қаласына бара жатқан ирактық түрікмен тобына ДАИШ террор ұйымы тарапынан жасалған шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде шабуылда қаза тапқандар және жаралылар арасында әйел мен балалар бар екені атап көрсетілді. Мәлімдемеде «Тектестерімізге жасалған бұл опасыз террор шабуылын қатаң түрде айыптап, қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Қаза тапқандардың Туыс-тамырларына көңіл айтамыз» делінді.

Соңғы кездері ирактық түрікмендің террор шабуылына жиі ұшырағанына назар аударған мәлімдемеде «Ирактық түрікмендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ирак мекемелері тарапынан қажетті шаралардың тез арада қабылдануын күтеміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар