Афринде 3 әскер шәйіт болды

Бинали Йылдырым Түрік қарулы күштерінің Афринде жарылғыш тазалау жұмыстарында 3 әскердің шәйіт болғанын мәлімдеді.

935528
Афринде 3 әскер шәйіт болды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында жүргізгендері жарылғыш тазалау жұмыстары кезінде 3 әскердің шәйіт болғанын білдірді.

Йылдырым мәлімдемесінде «Зәйтүн бұтағы операциясы табыспен аяқталды. Қазір тазалау жұмыстары жалғасуда. Террористтер әр жерге бомба орналастырған. Өкінішке орай бүгін 3 шәйітіміз жарылғыштарды тазалау жұмыстары кезінде қаза тапты. Шәйіттерімізге Алланың рақымшылығын тілейміз» деді.

Бас штаб басқармасы тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде аталмыш оқиғада 3 әсердің де жарақат алғанын білдірді.

Мәлімдемеде «Бұл қайғылы оқиға  баршамызды өкіндірді. Шәйіт бауырларымызға Алланың рақымшылығын тілейміз, отбастарына, Түрік қарулы күштері мен түрік ұлтына көңіл айтамыз. Жаралы әскерлерімізге жедел шипа тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар