Түркия Афринге кіруде

Ердоған «Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталып, Афринге кірудеміз» деді.

929957
Түркия Афринге кіруде

Ердоған «Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталып, Афринге кірудеміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағына жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында маңызды ілгерілеушілік болғанын білдіріп, «Афринге кірудеміз» деді.

Ердоған Президенттік сарайында 14 наурыз медицина мерекесіне орай жасаған баяндамасында Түркияның мақсатының отарлаушы емес, шекарадағы террор коридорын тосу және аймақты террористтерден азат ету екенін түсіндірді.

Президент Ердоған «Олар қару-жарақ апарған жерге біз Қызыл Жарты Ай қоғамымен, Апат және төтенше жағдай басқармасымен, Дін істері қорымен гуманитарлық жәрдем апарудамыз. Өзгешелігіміз осында» деді.

Атын атамай Америка Құрама Штаттарына «Сирияда 20 база құрылды. Бұлар неге құрылды ?» деп сұраған Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Бұл базалардың бұл жерде не жұмысы бар? Бәлкім Түркияға немесе Иранға бағытталған болар. Ресейді көздемеген шығар. Бұл Үшінші Дүниежүзілік соғыс мағынасын білдіреді. Біздің бұл жерде шекарамыз бар. АҚШ-тың шекарасы бар ма? Коалиция күштерінің шекарасы бар ма? Ресей режиммен бірге әрекет етуде, ал коалиция күштері кіммен бірге әрекет етуде?».



Ұқсас жаңалықтар