Президент Ердоған Болуда халыққа үн қатты

Президент Зәйтүн бұтағы операциясы аясында залалсыздандырылған содыр санының 3 мың 300-ге ұласқанын атап көрсетті.

927181
Президент Ердоған Болуда халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Болу қаласында халыққа үн қатты.

Президент баяндамасында Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 маусым күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының тұрақтылықпен жалғасқанын атап көрсетті.

Ердоған Африн операциясының артынан террордан құтқарылған аймақтардың нағыз тұрғындарына қайтарылатынын қайталады.

2016 жылдың тамыз айынан бастап 7 айға созылған Евфрат қалқаны операциясын еске салған Ердоған «Джераблус та осылай болған жоқ па еді? Міне 140 мың халық қайта үйлеріне оралды. Афринде де ауылдарға оралу басталды. Біз мархабат дінінің өкілдеріміз. Бұл жолда тұрақтылықпен шегінбей жүрдік. Бұл діннің өкілі ретінде біздердің сәл де болса бас тарту құқығымыз жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар