Террор ұйымының бала әскер қолданғаны дәлелденді

Афринде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-нің бала әскер қолданғанын дәлелдеген фотосуреттер табылды.

924742
Террор ұйымының бала әскер қолданғаны дәлелденді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-нің бала әскерлерді соғыстырғанын дәлелдеген фотосуреттер Сирияның Африн аймағында қолға түскен бір фотоаппараттан шықты.

Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігіндегі Афринге бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясының дайындық жұмыстары кезінде PKK/PYD-YPG террор ұйымы балаларды күштеп соғысқа дайындаған болатын.

Аймақта табылған құжаттар террор ұйымының қанды жүзін  тағы бір рет ортаға қойды.

Адам құқықтары ұйымы тарапынан мұның алдында қайта қайта күн тәртіпке әкелінген PKK/PYD-YPG-нің соғыстырған балалары осы жолы өздері түсірген фотосуреттермен тіркелді.

Афринде залалсыздандырылған террористердің үстінде және баспаналарынан табылған фотоаппараттардан табылған сандық сақтау карточкалары мен құжаттар террор ұйымының кішкентай балаларға берген қарулы жаттығулар мен таудағы тіршіліктерін дәлелдеді.

Фотосуреттердегі балалардың 13 пен 17 жасар екені болжалады. Балалардың PKK-террор ұйымы басшысы мен басқа да лауазымды террористердің фотосуреттері алдында түскені байқалады.

БҰҰ тарапынан «Халықаралық бала әскер қолдануға қарсы шығу күні» ретінде жарияланған 12 ақпан күні жазбаша мәлімдеме жасаған БҰҰ Бас хатшысының Балалар және қарулы қақтығыс арнайы өкілі Виржиния Гамба Сирияның ең көп бала әскер қолданылған елдер қатарында орын алғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар