Президент Мавританияға аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Алжирдегі кездесулерінен кейін Мавританияға аттанды.

920034
Президент Мавританияға аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Алжирдегі кездесулерінен кейін Мавританияға аттанды.

Ердоған үшін Алжирдегі әуежайында ресми шығарып салу салтанаты ұйымдастырылды.  Салтанатты шығарып салуға Алжир Ұлт кеңесі төрағасы Абделкадер Бенсалах, Сыртқы істер министрі Абделкадер Мессазел,  Коммуникация және компьютерлік технология министрі Худа Имене Фераун және Түркияның Алжирдегі өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Порой қатысты.

Президент Ердоғанмен бірге жұбайы Емине Ердоған,  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Ауыл шаруашылығы министрі Ахмет Ешреф Факыбаба, Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак та Мавританияға аттанып кетті.

Президент Ердоғанның 26 ақпан күні Алжирмен басталған Африка сапары Мавритания,  Сенегал және Мали сапарымен 2 наурызға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар