Алжир Сыртқы істер министрі Анкарада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қонақ министрмен кездесуінің артынан баспасөз жиналысы өткізді.

915972
Алжир Сыртқы істер министрі Анкарада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ді қорғау үшін Сирияның Африн аймағына өтуге әрекет жасаған ешбір күшке рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

Чавушоғлу Анкараға ресми сапармен келген Алжир Сыртқы істер министрі Абдулкадир Месахилмен оңаша және делегация аралық кездесуінің артынан баспасөз жиналысы өткізді.

Министр Чавушоғлу баяндамасында Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос пен бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясын бағалады.

PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тің Түркияға қарсы ынтымақтастық жасағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл террор ұйымдарын осы жерден тазалаймыз. Сирияның шекара тұтастығы тақырыбын жиі тілге тиек еттік. Қатысқан барлық жиналыстарымызда осыған назар аудардық» деді.

2017 жылы 22 қараша күні Ресейдің Сочи қаласында президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани жүзеге асырған Сирия саммитіне тоқталған Чавушоғлу «Сочиде болып өткен басшылар саммитін Стамбұлда ұйымдастырамыз. Мұны кезектесіп жалғастырамыз. Негізінде біз күресіп жатқан PKK/PYD-YPG Сирияның шекараларын бөлшектеу үшін сол жерде. Өзінен басқаны айдап жіберген» деді.

Медиада жарық көрген Сирия режим басшысы Башар Асадтың Афринге кіру тақырыбында террористермен келіскені жөніндегі хабарларға «Біздің ұстанымымыз ашық. PKK/PYD-YPG-мен күресетін ешкімге қарсы емеспіз. Өйткені террор баршаның ортақ дұшпаны. Дегенмен YPG-ді қорғау үшін сол жерге кіргісі келгендерге де рұқсат бермейміз. Мұның алдында 5-10 көліктен тұратын бір керуен кіруге әрекет жасады. Біз үшін қай мемлекет болмасын YPG/PKK-ға қолдау бергендер біз үшін олармен тепе-тең. YPG/PKK деп қабылдап қажетті шараны қолданамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар