Түркия мен Белоруссия арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Йылдырым Белоруссияда.

910993
Түркия мен Белоруссия арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Бинали Йылдырым мемлекеттік сапармен Белоруссияға барып,  премьер-министр Андрей Кобяковпен кездесті.

Премьер-министрлер екі арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылғаннан кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Йылдырым: «Түркия мен Белоруссия арасындағы сауда істерін жан-жақты түрде қолға алдық. Білім беру,  ғылым, инновация, гуманитарлық даму, өзара инвестицияның жетілдірілуі және сауданың арттырылуы тақырыптарында көзқарас алмастық» деді.

Премьер-министр Йылдырым екі жақты сауда айналымының 2017 жылы 30 пайыз артқанын айтты.  «Белоруссия фирмалары мен түрік фирмалары Белоруссияда инвестиция салуда тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибенің алдағы уақытта да жалғасуы маңызды.  Екі ел арасында әлеуеттің арттырылуы үшін логистикалық және тасымал мүмкіндіктерінің арттырылуы керек» деді ол.

Белоруссия премьер-министрі Андрей Кобяков та Таяу Шығыс және Солтүстік Африкамен қатынастарды жетілдіру үшін Белоруссияның Түркияны қолдау ретінде есептейтінін айтып: «Екі елдің диологы жөнінде жетістіктерге жеттік. Түркия өңірде және әлемдегі ең маңызды серіктеріміздің бірі» деді.

Екі елдың басшыларының жүйелі кездесулері нәтижесінде ынтымақтастықтың артқанына назар аударған Кобяков басымдықтарының Түркия мен Белоруссия арасындағы сауда айналымын арттыру екенін атап көрсетті.  Соңғы 10 жылда екі ел арасындағы сауда айналымының 5 есе артып, 1 миллиард долларға жекеніне назар аударған Белоруссия премьер-министрі екі елдің әлеуетіне қарағанда бұл көрсеткіштің әлі де аз екенін білдірді.

Экономикалық қатынастармен бірге гуманитарлық және жоғары оқу тақырыптарының да қолға алынғанын айтқан Кобяков білім беру,  ғылым және инновация саласында бірігіп жұмыс істеудің екі ел үшін де пайдалы сала болатынын атап көрсетті.

Кобяков Белоруссияда 300-ге тарта түрік фирмасы жұмыс істейтінін білдірді.

Артынан екі ел арасында қатынас,  экономика,  спорт,  стандарттар,  ғылым және кітапхана саласында келісімдерге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар