Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда 45-ші рет ауыл басшыларымен бас қосты.

906451
Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Африн аймағын террордан тазалап, негізгі иелеріне қайтаратындарын білдірді.

Президенттік сарайда 45-ші ауыл басшылары жиналысында үн қатқан Ердоған Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатты 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының табысты түрде жалғасқанын атап көрсетті.

Сирияның солтүстігінде террормен күрес жүргізгендерін атап айтқан Ердоған аймақта ДАИШ-пен ең ықпалды күресті Түркияның жүргізгенін білдірді.

Өткен жылы Евфрат қалқаны операциясымен ДАИШ-ке мүше 3 мыңнан астам террористті залалсыздандырғандарын атап көрсеткен президент «Қазір сол операцияға ұқсас бір күресті Афринде жүргіземіз. Африн мен Идлиб мәселесін шешеміз. Босқын бауырларымыз қайтадан елді-мекендеріне оралатын болады. 3,5 миллионды біз осында мәңгі асырай алмаймыз. Олар да тез арада өз жерлеріне оралғысы келеді» деді.

Түркияның Сирия жерінен шығуын қалаған кейбір елдерге де наразылық көрсеткен Ердоған «Біздің Сириядан тез шығу керектігіміз жайлы пікір айтқандар бар екен. Олардың саналарына қарағанда, Сирияда ‘PKK мен ДАИШ’-тің болғаны жөн. АҚШ, Ресей, Иран, Франция, Ұлыбритания және не деген елдердің әртүрлі сипат және сылтаумен Сирияда жүргені орынды. Израильдің қалаған кезде Сирияға операция жасап бомбалауы орынды. Ал Түркияға 911 шақырым шекарасы бар екеніне қарамастан Сирияға кіруіне болмайды екен. Солай ма? 700-ден астам оқ-дәрісі еліме құлаған. 100-ге таяу бауырымыз шәйіт болған. Біз сонда неге қарап тұруымыз керек екен?» деді.

АҚШ-қа қайта қайта террорға қарсы бірге күресуді ұсынғандарын, бірақ АҚШ-тың террористерді таңдағанын атап айтқан Ердоған Түркияның террормен күресін өзі жалғастыратынын білдірді.

Африндегі операцияның өте табысты түрде жалғасқанын атап көрсеткен Ердоған «Қазірге дейін көргендеріңіз ештеңе емес» деген Ердоған алдағы кезеңде террормен күрестің ауқымын кеңейтіп, тығыздығын арттыратынын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар