Премьер-министр АҚШ-ты сынады

Ол ДАИШ-пен ең қиын күресті Түркияның жүргізгенін айтты.

897981
Премьер-министр АҚШ-ты сынады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Евфрат қалқаны операциясында 2 мың шаршы километрлік алаңда ДАИШ-пен ең қиын күресті Түркияның жүргізгенін айтты.

«Бейоғлу сұхбаттары» атты бағдарламада сөз сөйлеген Йылдырым Хатайда, Килисте снаряд келіп құлағанын,  бомба лақтырылғанын, әрдайым шабуылдап отырғандарын айтып: «Енді біз не істейміз. Көрмеген секілді боп отыра береміз бе? Әрине,  отыра алмаймыз» деді.

Премьер-министр Йылдырым: «Америка Құрама Штаттары секілді ірі ел осыншама армиясы бар, осыншама мүмкіндігі бар, 3-5 қанішерге, террорлық ұйымға мұқтаж ба?» деді.

АҚШ-тың Түркияның оңтүстік шекарасында 30 мың адамдық армия қалыптастырамыз» дегенін еске салған премьер-министр: «Бұл не деген сөз? Түркияның шекарасы – НАТО-ның шекарасы.  НАТО шекарасында қауіп бар деп есептеп,  бір НАТО елінің армия қалыптастыруын мен түсінбеймін. Бұл опасыздық. Түркияға бұған рұқсат бермейді.  Артында кім болса болсын,  күші қаншама болса болсын, Түркияға бұған рұқсат етпейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар