Ердоғанға арнайы шақыру

Палестина мемлекет басшысынан арнайы шақыру келді.

897827
Ердоғанға арнайы шақыру

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас президент Режеп Тайып Ердоғанды «2018 Иерусалим – Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасының құрметті қонағы болуға шақырды.

Палестина Жастар және спорт министрі Жибрил Ражуб Аббастың Ислам конференциясы диоалог және ынтымақтастық Жастар форумы аясында өткізілетін «2018 Иерусалим – Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасына шақыру хатын жазғанын білдірді.

Аббас аталмыш хатында Ердоғанға ИЫҰ кезекті төрағасы сыпатымен Иерусалим үшін алған инициативасы және халықаралық аренадағы шынайы қолдауына орай алғысын тілге тиек етті.

ИЫҰ-на қарасты Стамбулдағы Ислам конференциясы диалог және ынтымақтастық форумы мен Палестина Жастар және спорт министрлігі бірге ұйымдастыратын «Жастар астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты 6 ақпан күні болады.

Бағдарламаға Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас пен ұйымға мүше елдердің Жастар және спорт министрлері қатысады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар