Сыртқы істер министрлері сөйлесті

Министрлер Сирия Ұлттық диалог конгресі жөнінде әңгімелесті.

896852
Сыртқы істер министрлері сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонда сөйлесті.

Ресей Сыртқы істер министрлігі телефон әңгімесінде Ресейдің Сочи қаласында өткізілуі жоспарланған Сирия Ұлттық диалог конгресіне байланысты дайындықтар қаралғанын хабарлады.

Хабарламада «Түркияның бастамасымен 24 қаңтар күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу арасында телефон әңгімесі жүргізілді.  Ресей мен Түркия басшыларының байланыстарының жалғасы іспетті осы әңгімеде сыртқы істер министрлері Сочиде өтетін Сирия Ұлттық даилог конгресіне байланысты дайындық жұмыстарын қолға алды. Аталмыш шараның табысты түрде өткізілуі мақсатымен өзара қосымша қадамдар басуға шешім қабылданды» деп айтылды.

Сирия Ұлттық диалог конгресінің 29-30 қаңтар күндерінде өткізілуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар