Боздағ Грекия шешіміне риза болғанын айтты

Боздағ Грекия сотының төңкерісшінің азаматтық өтінішін тоқтатқанына риза болғанын айтты.

884489
Боздағ Грекия шешіміне риза болғанын айтты

Боздағ Грекия сотының төңкерісшінің азаматтық өтінішін тоқтатқанына риза болғанын айтты.

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Грекия сотының осы елге қашып барған бір төңкерісшінің азаматтық өтінішін тоқтатқанына риза болғанын айтты.

Боздағ Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Грекияға қашып барған 8 төңкерісшінің бірі болған Сүлейман Өзкайнакчының азамат болу өтінішінің Грекия соты тарапынан тоқтатылып, қайтадан қамауға алу шешіміне риза болғандарын, сондай-ақ Грекиядан осы 8 төңкерісшіні  Түркияға қайтарып беруін күткендерін қайталады.

Грекия мен Эгей теңізінде болған мәселенің ішкі саясат ретінде қолданылуына қарсы екенін білдірген Боздағ «Түркия Эгей және басқа салаларда бір өзгеріске әсте рұқсат бермейді» деді.

Боздағ Иранда 28 желтоқсанда басталып, 8 күн жалғасқан ереуілдерге байланысты болса Иран халқының шетелдің айтақтауларына сенбей, оқиғалардың өрбуін тоқтатқанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар