Түріктер Йеменде аурухана ашты

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йеменнің Аден қаласында Түрік далалық ауруханасын қызметке берді.

872476
Түріктер Йеменде аурухана ашты

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Йеменнің Аден қаласында Түрік далалық ауруханасын қызметке берді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы өкілдерінің қатысуымен болған ашылу салтанатында Йеменнің Денсаулықты сақтау министрі Насыр Баум: «Әрқашан Йемен халқының жанында болғаны және әрдайым көмектескені үшін президент Режеп Тайып Ердоған бастаған бүкіл түрік халқына алғыс айтамыз» деді.

Министр Йемендегі дағдарыс басталған күннен бері түрік халқының өздерінің жанында болғанын,  барлық салада көмекті аямағанын білдірді.

Министрдің айтуынша сенбі күнінен бастап жедел науқастар осы жаңа медициналық жиһаздармен жабдықталған түрік ауруханасында қабылданады. Министр аурухананың дәл жанында түріктер дайындаған толық жабдықталған диализ орталығы қызмет беруде екенін де еске салды.

Қызметке берілген 50 орынды түрік далалық ауруханасында жедел жәрдем,  операция және анестизия бөлімдері және реанимация орталығы бар.



Ұқсас жаңалықтар