Йылдырым Бангладешке барды
Премьер-министр Бинали Йылдырым ресми сапармен Бангладешке барды.
![Йылдырым Бангладешке барды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/e7c3/321a/269a/5a38b6e515f35.jpg?time=1718384895)
Премьер-министр Бинали Йылдырым ресми сапармен Бангладешке барды.
Бангладеш астанасы Даккаға барған Йылдырым мен делегацияны әуежайында Түркияның Бангладештегі өкілетті және төтенше елшісі Деврим Өзтүрік және басқа басшылар қарсы алды.
Премьер-министрдің Бангладеш сапарына премьер-министрі орынбасары Бекир Боздағ, Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Равза Кавакчы серік болды.
Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасинаның шақыруымен осы елге барған Бинали Йылдырым сапарын Даккадағы жоғарғы деңгейдегі кездесулермен бастайды.
Сапарда Бангладеш пен Түркия арасында достыққа негізделген қарым қарым-қатынастар, Рохинджадағы дағдарыстар және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасады.
Премьер-министр Йылдырым Даккадағы кездесулерден кейін Бангладештің Кокс-Базар аймағына барып, Рохинджа мұсылмандары өмір сүрген лагерлерді зиярат етеді.
Ұқсас жаңалықтар
![Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/42dc/f7ce/a79d/666c4d1546c00.jpg?time=1718384895)
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
![Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/9138/0001/6d14/666bfcf6ef7a7.jpg?time=1718384895)
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.