"Террор ұйымдарымен күрес жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының Караман қалалық филиалында үн қатты.

870073
"Террор ұйымдарымен күрес жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымымен (FETÖ/PDY) күресте тұрақтылықтың жалғасатынын білдірді.

Әділет және даму партиясының Караман қалалық конгресіне қатысқан Ердоған «Соңғы FETÖ/PDY мүшесі де әділет алдына шығып есеп бермейінше, бұл қанішерлердің ізінен қалмаймыз» деді.

Сирияның Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен азат ету үшін жасалған операцияға тоқталған Ердоған «Ракка театры ДАИШ пен YPG-нің бірдей екенін енді ортаға қойды. Сирияда ДАИШ-ке ‘қаш’, YPG-ге ‘ұста’ деушілер бірдей орталыққа бағынады» деді.

Түркияның алдында екі бағыт бар екенін түсіндірген Ердоған «Не бас иеміз, не болмаса күресеміз. Түркия не қорлаушыларға риза болады, не болмаса тәуелсіздікті қолында ұстайды. Біз 40 жылдық саяси тіршілігіміздің әр кезеңінде болғандай, қазір де күресті таңдадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар