Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі ел көлемінде жүргізілген террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

865700
Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі Түркия бойынша 4-11 желтоқсан күндері арасында ұйымдастырылған операцияларда 2-сі жансыз, жалпы 7 террористің қолға түскені жариялады.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда соңғы бір аптаның ішінде бөлшектеуші террор ұйымдарымен күрес аясында қауіпсіздік күштері мың 323 операция жасады.

Операциялар барысында бөлшектеуші террор ұйымдарына жәрдем және қамқоршылық жасағаны алға тартылған 153, ДАИШ террор ұйымымен байланысты 67, Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымымен (FETÖ/PDY) күрес аясында 699, солшыл террор ұйымдарымен күрес барысында 4 күдікті тергеуге алынды.

Жүргізілген жоспарлы операцияларда 923 террор қылмыстысы, 74 заңсыз мигрант және 3 мың 65 есірткі және контрабанда қылмыстарынан барлығы 4 мың 62 адам тергеуге алынды.

Операциялар барысында 2 террорист өлтіріліп, 2 террорист тірі ұсталды. 3 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді.

Операция барысында қауіпсіздік күштері 728 кг. жарылғыш материалы, 11 граната, 8 ауыр және ұзақ атымды мылтық, 15 қару мен мың 218 әртүрлі оқ-дәрі тәркіледі.



Ұқсас жаңалықтар