Ердоғаннан АҚШ-қа ескерту

"Иерусалимге байланысты қадам басылса, ИЫҰ саммитін өткіземіз" деді.

861818
Ердоғаннан АҚШ-қа ескерту

Президент Режеп Тайып Ердоған Иерусалимнің мұсылмандардың қызыл сызығы екенін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия мәжілісіндегі жиынында сөз сөйледі.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танитыны жөнінде хабарлардың қатты алаңдатқанын білдірген Ердоған: «Құрметті Трамп, Иерусалим – мұсылмандардың қызыл сызығы. Бұл біздің Израильмен дипломатиялық қатынастарымызды үзуімізге дейін баруы мүмкін. АҚШ-қа тағы бір рет ескертеміз.  Бұндай қадам басуға болмайды. АҚШ-тың барлық жұмысы бітті де, осы қалды ма? ДАИШ-пен күрес бітті де осы қалды ма?» деді.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы кезекті төрағасы ретінде осы тақырыпты жіті бақылайтындарын атап көрсеткен Ердоған: «Егер осындай қадам басылса,  5-10 күн ішінде дереу Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитін Стамбулда өткіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар