Террормен күрес ел көлемінде жалғасуда

Ішкі істер министрлігі соңғы бір аптаның ішіндегі террор операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

860828
Террормен күрес ел көлемінде жалғасуда

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда 27 қараша мен 4 желтоқсан күндері аралығында мың 438 операция ұйымдастырылды. Операция барысында көптеген баспана мен үңгір жойылып, 32 террорист қолға түсті.

Мәлімдемеге қарағанда ПКК-лық 11 террорист өлтіріліп, 16 террорист ұсталды. Операциялар барысында 5 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Операцияларда ПКК террор ұйымымен байланысы бар 246, ДАИШ террор ұйымына мүше 69, Фетуллахшы террор ұйымымен байланысы бар 664 адам тергеуге алынды.

Кибер қылмыстармен күрес аясында болса 433 әлеуметтік парақша тексеріліп, 175 адам жайлы қылмыстық іс қозғалды.

Операциялар барысында 4 мың 505 адам тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар