Сыртқы істер министрі Әзірбайжанға барады

Сыртқы істер министрі Әзірбайжанда өтетін Түркия-Әзірбайжан-Пәкістан үштік Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

857788
Сыртқы істер министрі Әзірбайжанға барады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Әзірбайжанға барады.

Сыртқы істер министрі Әзірбайжанда өтетін Түркия-Әзірбайжан-Пәкістан үштік Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

Чавушоғлу сонымен бірге 1 желтоқсан күні болатын Ауғанстанға байланысты Азияның жүрегі-Стамбул процесінің 7-ші министрлер жиналысында орын алады.

Түркия, Әзірбайжан және Пәкістан Сыртқы істер министрлері арасында бірінші рет өтетін Үштік сыртқы істер министрлері жиналысында дос және бауырлас үш ел арасындағы қатынастарды дамыту мүмкіндіктері қолға алынады.  Айырықша өңірлік және халықаралық проблемалар жөнінде көзқарас алмасады.

Министр Чавушоғлуны Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің де қабылдауы жоспарлануда.

Ауғанстанға барлық салада қолдау көрсету мақсатымен өңірлік ынтымақтастық және ұйымшылдықты нығайтуды нысанаға алған Стамбул процесі Түркияның басшылығында 2011 жылы жүзеге асырылды.

Бұл жолы Ауғанстан мен Әзірбайжанның тең төрағалығында бас қосатын министрлер конференциясына Түркиямен қоса өңір елдерінің он төртінің және басқа да елдердің өкілдері қатысады.



Ұқсас жаңалықтар