Түркия ДАИШ мүшесі 3 мың 600 террористті өлтірді

Йылдырым Түркияның террор ұйымы ДАИШ мүшесі 3 мың 600 террористті өлтіргенін айтты.

856553
Түркия ДАИШ мүшесі 3 мың 600 террористті өлтірді

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның террор ұйымы ДАИШ мүшесі 3 мың 600 террористті өлтіргенін айтты.  

Йылдырым Ұлыбританияның астанасы Лондондағы сапар аясында Халықаралық стратегиялық жұмыстар институтында «Түркияның Орташығыс перспективасы туннелінің аяғында жарық бар ма?» атты сессияда сөз сөйледі.

Халықаралық ұйымның Сирияда мөлшермен 7 жылдан бері ақан қанды тоқтату және дағдарысқа шешім табу жөнінде ықпалы болмағанын баяндаған Йылдырым былай деді: «Сирия дағдарысына наразылық көрсетуімен Сирия халқына үміт берген бір ел бар болса сел ел Түркия болып табылады. Сирия мемлекет жүйесі дұрыс емес. Басқару осалдығы көп. Террористтер осы осалдықтардан пайдалануда. Сол жерде террордың тіпті де үлкеюіне орай тууда. Осы жағдайда Сириямен 911 километр шекарасы болған Түркияның үнсіз қалу мүмкін емес. Қысымнан және шабуылдардан қашқан миллиондаған адамға құшақ жайдық» деді.

Сирия дағдарысының шешімі үшін Түркия, Ресей және Иранның бастаған Астана процесіне тоқталған Йылдырым «Осы процес белгілі бір түйінге келді. Дағдарысты азайту, атысты тоқтату түйінінде маңызды бір қадам бастық» деген сөздер қолданды.

«Ең маңызды мәселенің бірі ДАИШ-пен күресу» деген Йылдырым былай деді: «Осы күресте үлкен табысқа қол жеткізілді. ДАИШ түбегейлі жойылған жоқ. Бұл жөнінде достарымызбен өзгеше көзқараста болғанымызды айтқым келеді. Біз ДАИШ-пен күресу тақырыбында Евфрат қалқаны аясында өте маңызды жұмыс істедік. Сирия территориясында 3 мың 600 ДАИШ мүшесін өлтірдік. ДАИШ-пен күресімізді табанды түрде жалғастырудамыз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар