Президент Режеп Тайып Ердоған қайтадан Ресейге барады

Ресей президенті Владимир Путинмен өткен апта бас қосқан президент Ердоған 22 қараша күні қайтадан Ресейге бармақ.

848885
Президент Режеп Тайып Ердоған қайтадан Ресейге барады

Өткен апта Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосқан президент Ердоған 22 қараша күні бұл елге қайтадан барады.

Сапардың жүзеге асуымен президент Ердоған Путинмен бір жылдың ішінде алтыншы рет бетпе-бет басқосатын болады.

Ердоған Сочиде Түркия, Ресей және Иранның Сирия тақырыбында өтетін саммитіне қатыспақ.

Тараптар Сириядағы жаңалықтар және елдегі соңғы жағдайды қолға алады.

Сирия Халықтар комитетіне бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің шақырылуына Түркияның наразылық көрсетуінің артынан саммит кейінге қалдырылған болатын. Жиналыста бұл конгрестің де қолға алынуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар