Ердоған Катарда

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Кувейттен кейін  Катарға барды.

848488
Ердоған Катарда

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Кувейттен кейін  Катарға барды.

Ердоғанды Катар әмірі Шайх Тамим бин Хамад әл Сани қарсы алды.

Екі лидер қарсы алу рәсімінен соң  оңаша кездесті.

Кездесуде Шығанақ елдері арасындағы келіспеушілік,  халықаралық оқиғалар, өңірлік тақырыптар мен экономика тақырыптары қаралды.

Президент Ердоған Түркия мен Катар Жоғары стратегиялық комитетінің үшінші жиналысына, артынан келісімдерге қол қою мерәсіміне қатысты.

Екі ел арасында банк секторы, азық-түлік қауіпсіздігі, Түркия Радио Теледидар Мекемесі мен Катар Медиа Мекемесі арасында ынтымақтастығы, құқықтық және әділет жөнінде білім беру, метеорология, бауырлас кемежай, ақпарат және ғылым қауіпсіздігі, гуманитарлық жәрдем саласында ынтымақтастығы сынды хаттамаларға қол қойылды.

Катар әмірі Шайх Тамим бин Хамад әл Сани Ердоғанның құрметіне кешкі қонақасы берді.

Президент Ердоғанға сапарында 9 министр,  Штаб-пәтер басшысы,  армия генералы Хулуси Акар және Ұлттық Барлау ұйымының кеңесшісі Хакан Фидан серік болуда.


Этикеттер: #Катар , #Ресей , #Кувейт

Ұқсас жаңалықтар