Түркия террор ұйымдарына бас имейді

Йылдырым «Бұдан кейін Түркия отандық автокөліктерін жасайды» деді.

840193
Түркия террор ұйымдарына бас имейді

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның террор ұйымдарына бас имейтінін айтты.

Премьер-министр Йылдырым Эрзинжанда сөйлеген сөзінде «Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекет құрылымы FETÖ, ПКК, ДАИШ, PYD және YPG сынды террор ұйымдарының қандай атпен аталса аталсын Түркия оларға бая имейді» деді.

Премьер-министрдің күн тәртібінде технология және қорғаныс саласында қол жеткізген тасбастар да бар еді.

Йылдырым «Бұдан кейін Түркия отандық автокөліктерін жасайды. Осыларды жасауға шешім жасадық. Түрік инженерлерінің, жұмысшыларының және техникалық мамандардың ақылы мен тәжірибелері арқылы отандық автокөліктер өндіріледі. Әділет және даму партиясы 15 жылдан бері 20 километрлік жаңа жол салды. Алла бұйырса отандық автокөліктеріміз осы жолдарда жүреді» деді. 



Ұқсас жаңалықтар