Түркия лаңкестікті айыптады

Түркия АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы террор лаңкестігін айыптады.

838331
Түркия лаңкестікті айыптады

Түркия АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы террор лаңкестігін айыптады.

ТР Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап: «Нью-Йорк қаласында кеше 8 адамның өліміне,  10-нан астам адамның жарақат алуына себеп болған террор лаңкестігіне қатты қайғырдық. Шабуылды айыптап,  оқиғада қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз» деп айтылды.

Нью-Йорк мэрі Билл де Бласио оқидан кейін баспасөз алдына шығып,  шабуылда 8 адамның қаза тапқанын,  кемінде 15 адамның жарақат алғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар