Грекия премьер-министрі Ципрас Түркияны жақтады

Ципрас Түркияның НАТО-ның бір бөлшегі болудың маңызына назар аударды.

829211
Грекия премьер-министрі Ципрас Түркияны жақтады

Ципрас Түркияның НАТО-ның бір бөлшегі болудың маңызына назар аударды.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас кеше Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамппен Вашингтонда кездесті.

Екі лидер кездесуде әсіресе сауда, экономика, энергия салаларын қолға алды.

Екі лидер кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп тарапынан күтіп алынған Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Түркиямен байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Алексис Ципрас Түркияның НАТО-да қалуы керектігін және Еуропа Одағымен келіссөз процесінің жалғасуын қолдағанын мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында Грекия премьер-министрі Ципрасқа Түркиямен байланысты бір сұрақ сұралды.

Ципрас Түркияның НАТО-ның бір бөлшегі болудың маңызына назар аударды.

Премьер-министр Ципрас Түркияның Еуропа жолын қолдағандарын және аймақтық бір күш болған Түркияға құрмет көрсеткендерін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар