"Түркия авиацияда дастан жазды"

Премьер-министр Чанаккале әуежайы терминал ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

816938
"Түркия авиацияда дастан жазды"

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның авиацияда әлемде 11-ші,  28 Еуропа елі арасында бесінші орында екенін айтты.

Йылдырым Чанаккале әуежайы терминал ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Ол Түркияның соңғы 15 жылда авиацияда дастан жазғанын атап көрсетті.

Түрік Әуе жолдарының Еуропаның екінші авиакомпаниясына айналғанын білдірген премьер-министр түрік авиакомпаниясының 350-ден астам пунктке ұшқанын,  әлемде одан көп ұшатын басқа компания жоқтығын айтты.

Түрік авиакомпаниясының 159 жерге тікелей рейс игергенін айтқан Йылдырым: «Әлемдегі ең ірі әуежайларын Түркия салып жатса,  босына емес.  Бұл 15 жылдық жетістіктің нәтижесі. Бұл Түркияға жарасады» деді.

Премьер-министр 2018 жылдың «Троя жылы деп жарияланғанын да еске салды. «Мәдениет және туризм министрлігі осыған байланысты көптеген шара дайындауда.  Осылайша Чанаккалеге әрі ел ішінен,  әрі шетелден көп қонақ келеді. Чанаккалені жақсылап таныстыруға мүмкіндік бар» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар