Стамбул БҰҰ орталығы болуы керек

Президент Ердоған Нью-Йоркта НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті.

809600
Стамбул БҰҰ орталығы болуы керек

Президент Ердоған Нью-Йоркта НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған аймақтық орталығы болу жолында жылдам ілгерілеген Стамбулдың сонымен қатар бір Біріккен Ұлттар Ұйымы орталығы болуын ұсынды.

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ 72-ші Бас ассамблеясы сессиясына қатысу мақсатымен Нью-Йоркқа барды. Нью-Йоркта  болған Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының қарсы жағында орын алған жаңа Түрік үйі ғимаратының іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйледі.

Ердоған Түркияның абыройына лайықты бір Түрік үйі ғимаратын салу шешімін бүгін ресми түрде жүзеге асырғандарын түсіндірді.

Президент Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Біріккен Ұлттар Ұйымының өзгерген шарттарға үйлесуі үшін реформа жасауы керек. Мысалы, биылғы күн тәртіпте реформа бар. Бірақ бұл реформа тағы да біздің түсінгендей бір реформа емес. Әслінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне бір реформа жасалуы керек».

Президент Ердоған «Аймақтық орталық болу жолында жылдам ілгерілеген Стамбулдың сонымен қатар бір БҰҰ орталығы болуын ұсындық» деді. 



Ұқсас жаңалықтар