Террор ұйымының соңғы ахуалы

Барлау қызметі соңғы ақпараттарды жариялады.

809094
Террор ұйымының соңғы ахуалы

Қауіпсіздік күштерінің табысты операцияларында үлкен шығынға ұшыраған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жағдайы барлау ақпараттарында көрінеді.

Соңғы 1 айда 112 террорист залалсыздандырылды.  Олардың арасында террор ұйымының «басшылары» да бар.  Террорлық ұйым шығын бергендері байқалмау үшін қақтығыс болған жерлерден өлі және жаралыларын алып қашыруды бастады.  Өлі террористтерді алыс өңірлерге апарып көміп кете бастады.

Барлау қызметі өлі террористтердің орманды жерлерге көмілгенінің  көріністерін түсірді.

Соңғы 3 жылда орманда ондаған террористтің көмілгені анықталды. Террор ұйымы көме алмаған немесе таси алмаған террористтерді де биік жерлерден лақтырып кетіп отырады.

Олардың отбасыларына да хабар бермей, балаларын сұраған ата-ананы да «Оларды ұмытыңдар.  Әйтпесе сіздің де тағдырыңыз солай болады» деп қорқытуда.  



Ұқсас жаңалықтар