Кувейт премьер-министрі келді

Бинали Йылдырым Кувейт премьер-министрі Шейх Жабир әл Мүбарак әл Хамад әс Сабахты қарсы алды.

807005
Кувейт премьер-министрі келді

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияға ресми сапармен келген Кувейт премьер-министрі Шейх Жабир әл Мүбарак әл Хамад әс Сабахты қарсы алды.

Ресми салтанат екі елдің ұлттық ән ұранының шырқалуымен басталды.  Сабах артынан Президенттік әскери жасағына «Мерхаба, әскер» деп сәлем берді.

Екі ел делегациясы мүшелері таныстырылғаннан кейін Йылдырым мен Сабах Чанкая сарайына кірді.  Йылдырым қонақ премьер-министрге балконнан Анкараны таныстырды. Екі басшы осында сұхбаттасты.  Артынан оңаша кездесу басталды.

Салтанатты қарсы алуға вице-премьер Мехмет Шимшек,  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу,  Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Премьер-министрлік кеңесшісі Фуат Октай, Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир қатысты.



Ұқсас жаңалықтар