Президент Ердоған Құрбан айтқа орай құттықтау жариялады

Президент құттықтауында Құрбан айттың Ислам әлемі мен адамзатқа құт әкелуін тіледі.

799335
Президент Ердоған Құрбан айтқа орай құттықтау жариялады

Президент Ердоған Құрбан айтқа орай құттықтау жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарына да, оларды қолданған күштерге де түрік ұлтының ешқашан тізе бүкпейтінін атап айтты.

Ердоған жариялаған құттықтауда азаматтардың Құрбан айттарын құттықтап, айттың жанұяларға, ұлтқа, Ислам әлемі мен адамзатқа құт әкелуін тіледі.

Президент Ердоған жолдамасында террормен күреске тоқталып, «Террор ұйымдарына да, оларды қолданған күштерге де түрік ұлтының ешқашан тізе бүкпейтінін білеміз. Біздер демократиямен, экономикамен, сыртқы саясатпен, елімізді жетілген өркениеттер қатарына жеткізу нысанамызды жалғастырамыз» деді.

Ердоған 2023 нысаналарына тоқталып, «2023 нысаналарымыз бағытында елімізді әлемнің ең үлкен 10 экономикасынан біріне айналдыратын, ұлтымызға уәде еткен тыныштық пен салауатты өмір салтына жеткіземіз. Тек қана бір болайық, ірі болайық, тірі болайық, бауыр болайық, баршамыз бірге Түркия болайық!» деді.

Президент Ердоған жолдамасында Араканда зұлымдық көрген мұсылмандар үшін бұл қасиетті күндерде баршаны дұға етуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар