Премьер-министрдің Құрбан айт құттықтауы

Йылдырым «Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін!» деді.

799507
Премьер-министрдің Құрбан айт құттықтауы

Премьер-министр Бинали Йылдырым Құрбан артқа орай құттықтау жариялады. Құттықтауында азаматтардың Құрбан айтын құттықтай отырып, мерекенің Түркияға, әлемдегі күллі мұсылмандарға және барша адам баласына тыныштық, бейбітшілік және байлық әкелін тіледі. Құрбан айт-ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Премьер-министр Йылдырым «Террормен күресуімізді табанды түрде жалғастырамыз. Террор арқылы мемлекетіміз және Ислам әлемін күйретуге тырысқан арам ниеттілер мақсаттарына жете алмайды. Түркия Республикасы құқықтың үстемдігін, толық демократияны, әділет және ұлттық дамуды күшейте отырып, зұлматтарға қатал түрде қарсы шығады. Ұлтымыз береке-бірлік ішінде тұзақтарға түспейді. Бауырластығын мәңгі-бақи жалғастырады» деді.

Құттықтауында Йылдырым «Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін!» деді. 



Ұқсас жаңалықтар