Президент Режеп Тайып Ердоған Жеңіс мерекесімен құттықтады

Бүгін 30 тамыз Жеңіс мерекесінің 95 жылдығы.

798600
Президент Режеп Тайып Ердоған Жеңіс мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай жариялаған құттықтауында қасиетті түрік ұлты және Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы түрік азаматтарымен Үлкен Жеңістің 95 жылдығын тойлағандарын атап көрсетті.

Түрік ұлтының 1919 жылы Самсунда Мұстафа Кемал Ататүрік басшылығында басталған Ұлтазаттық соғыстың барлық кедейлік, жоқшылық және жағдайының нашарлығына қарамастан 30 тамыз Бас қолбасшылық Майдан соғысымен жеңіске жеткенін еске салған Ердоған «30 тамыз Жеңіс мерекесі ұлтымыздың жанынан да көп жақсы көрген отан топырағын еркіндікпен өмір сүру санасын бүкіл әлемге жариялауы. Бұл жеңіс саяси және әлеуметтік нәтижелері тұрғысынан тарихқа бағыт беріп, империалисттерге қарсы Ұлтазаттық соғыс жүргізіп, көптеген күнәсіз халыққа шабыт пен үміт берді. Түркия дәл 95 жыл бұрын болғандай экономикалық және саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған шабуылдар мен саботаж бастамаларын жою тақырыбында бірдей тұрақтылықты қорғауда. Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралелль құрылымы (FETÖ/PDY), ДАИШ, ПКК, PYD сияқты қолы қанды террор ұйымдарына қарсы заңдық, әділ және демократиядан бастартпай жалғастырған күрес болса бұл тақырыптағы сезімталдығымыздың ең айқын мысалы» деді.

Ердоған Түркияның бұл күреспен әрі өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін, әрі жаһандық қауіпсіздікке маңызды үлес қосқанына назар аударып «Күдіксіз бұл қиын кезеңде ең үлкен күшіміз ‘бір ұлт, бір байрақ, бір отан және бір мемлекет’ ережелері төңірегінде біріккен ұлтымыздың бірлік пен ынтымақтастығына қоса дос елдердің қолдауы. Әзіз ұлтымыз 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті алдындағы көтерілісі ‘Тәуелсіздік немесе өлім’ ұранымен бетпе-бет қалғанда не істей алатын көрсетті. Түрік ұлты сол күні түнде 250 шәйіт және 2 мың 193 ардагерімен төңкеріс әрекетін тойтарды. Сондай-ақ еліне, демократиясына және тәуелсіздігіне ие шығу ниетін ортаға қойды. Дарданелді өткелсіз қылған, ұлтазаттық соғысымызды жеңіске жеткізген және 15 шілде күні түнде бүкіл ел көлемінде көтеріліске қосылған бұл түсінік әртүрлі қиыншылықтар мен күшке ие. Республикамыздың құрушысы Бас қолбасшы ардагер Мұстафа Кемал мен достарын еске аламын. Барлық шәйіттеріміз бен ардагерлерімізге Алладан рақымшылық тілеймін. 30 тамыз Жеңіс мерекеңіз құтты болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар