Президент Ердоған Иордания сапарын аяқтап елге оралды

Президент мұсылмандардың ынтымақтастықтарын жалғастыруы үшін өзара механизмдерді күшейту керектігін  атап көрсетті.

794202
Президент Ердоған Иордания сапарын аяқтап елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған мұсылмандардың ынтымақтастықтарын жалғастыруы үшін өзара механизмдерді күшейту керектігін  атап көрсетті.

Ресми сапар аясында Иорданияға 1 күндік ресми сапармен барған Ердоған Иордания королі  2-ші Абдуллахпен Әл-Хүсейнийе сарайында оңаша кездесті. Кездесудің артынан делегация аралық жиналыстар болып өтті.

Делегация аралық кездесудің баспасөзге ашық бөлімінде президент Ердоған 9 жыл үзілістің артынан Иорданияға сапарлай келгеніне қуанышты екенін атап, өзі мен делегациясына көрсетілген қонақжайлық туралы алғысын білдірді.

«Бауырым король Абдуллахқа шақыруы үшін өзім және елімнің атынан алғысымды айтамын» деген Ердоған 2017 жылдың екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 70 жылдығы екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған осы жылдықтың екі ел үшін құт әкелуін тілеп, «Осы себеппен бауырларымызға 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезеңінде көрсеткен ынтымақтастықтары үшін өзім және елім атынан алғысымды білдіремін» деді.

Ердоған «Бауырымның әсіресе палестиналықтарды әрқашан қорқап қолдағанын жақсы білемін. Иордания Иерусалимде мұсылмандарға тиесілі киелі жайларды қорғаумен байланысты рөлінде қолдаймыз. Өткен айдың ішінде Әл-Харам мешітіндегі шабуыл мен құқық бұзушылықтың қайталанбауы үшін бірге жұмыстанатын боламыз. Ислам әлемі аймақ ретінде өте күрделі бір кезеңнен өтуде. Болашағымыз түрленген бұл маңызды кезеңде мұсылмандар ретінде ынтымақтастығымызды аймақта одан көп жалғастыруымыз керек» деді.

Ердоған ресми байланыстарының артынан елге оралды.



Ұқсас жаңалықтар