Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Президент Ердоған Сирияда бір террор мемлекеті құрылуына ешқашан рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

794515
Президент Ердоған ауыл басшыларына үн қатты

Ердоған президенттік сарайда 39-шы ауыл басшылары жиналысына қатысты.

Президент Ердоған «Сирияда құрылуы жоспарланған террор мемлекетінің алдын алу үшін Евфрат қалқаны операциясы жасадық. Террор ұйымы PYD/YPG-ге мемлекет құрдырмаймыз. Кейбіреулер Күрд мемлекеті деп жатыр, мен мұны күрд бауырларыма қарсы құрметсіздік деп қабылдаймын. Сирияда тағы бір мемлекет құруға ешқашан рұқсат бермейміз. Бұл отанды (Түркияны) бөлшектегісі келгендерге барлық аймақты мазар қыламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар