Президент Иорданияға барады

Ердоған бір күндік сапарында Иордания королі Абдуллахпен бас қосады.

791660
Президент Иорданияға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 21 тамыз күні ресми сапармен Иорданияға барады.

Ердоған бір күндік сапарында Иордания королі Абдуллахпен бас қосады.

Президент Ердоған мен король Абдуллах арасындағы кездесуде маңызды төрт тақырып қаралады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастармен қоса Израиль-Палестина келіспеушілігі,  Сириядағы соңғы жағдай,  Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінде жоспарланған тәуелсіздік референдумы мен Шығанақтағы дағдарыс қолға алынады.

Түркия мен Иордания қарым-қатынастарының 70 жылдығына дөп келетін сапарда туризм,  өнеркәсіп және теңіз жолдарына байланысты басылатын қадамдар да қаралады.

Екі басшы соңғы рет Акса мешітінде Израильдің шектемелерімен басталған дағдарыстың шешімі үшін өткен ай телефонда сөйлескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар