Ішкі істер министрлігі операциялар жайлы мәлімдеді

Соңғы бір аптадағы операцияларда 28 террорист өлтірілді.

789341
Ішкі істер министрлігі операциялар жайлы мәлімдеді

Соңғы бір аптада жасалған операциялар барысында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшесі 43 террорист қолға түсті.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде 7-14 тамыз күндері арасында террор ұйымдарына 201 операция жасалды.

Бұл операцияларда 28 террорист өлтіріліп, 14-і тірі қолға түсті.

Сондай-ақ ұйым мүшелеріне жәрдем мен қамқоршылық жасағаны алға тартылған 319 адам тергеуге алынды.

ДАИШ-пен байланысты 87, Фетуллахшы террор ұйымымен байланысты 267, солшыл террор ұйымымен байланысты 3 адам тергеуге алынды.

Операцияларда кибер қылмыстысы 152, есірткі және контрабанда қылмыстарына қатысы бар 2 мың 511 адам ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар